Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауына пікір

01.02
0

         Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы өткенге есеп жасап, алдағы уақытқа атқарылар жоспарларды белгілеу. Ең маңыздысы Жолдауда айтылған мәселелердің сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде орындалып жатқаны, еліміздің бәсекеге қабілеттілігі айқындалып жатқанын көреміз. Елдің болашағы білмді ұрпақ қолында екенін қадап айтқан Елбасы білім саласына айрықша тоқталатыны түсінікті. Соның ішінде жаһандану үрдісіне орай үштілділікті меңгерудің маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде. Оны айқын сезінген барша қауымның қолдауы да жоғары болып отыр.  Елбасы өз сөзінде ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс екенін,біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту мәселесіне тоқталды. Үкіметке Елбасы мынадай тапсырма берді:  атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу, қазақ тілінің басымдығы сақтау, әрі қарай дамуына зор көңіл бөлу.Соның ішінде ана тілімізге басымдық сақталатыны,ұлтжандылықты дамытуды тапсырды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын болады. Қуаныштысы сол орта арнаулы білімнің тегін болуы, әр азаматтың маман иесі болуына жеткізетінін көрсетеді. Елбасы өз сөзінде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылуы басталғанын сөз етті. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін -өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс делінген.Ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі жауапкершілік жүктеліп отырған ұстаздар қауымы  Елбасы Жолдауын ықыласпен қолдайық.


                                                                                                                                                          Мектеп директоры Базарбекова Балапан



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда84422
  • Осы аптада19008
  • Кеше2392
  • Бүгін2577
  • Желіде:105

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда12
  • Осы аптада0
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026