Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Бастауыштан басталады – білім бағы ...

15.03
0

    Бастауыштан басталады – білім бағы ...

   Қыс қызығымен қызықты демекші, Қарашілік негізгі мектебінде қыстың қақаған аязына қарамай,  қаңтардың  23-28  аралығында «Бастауыштан басталады – білім бағы ...» атты бастауыш сынып апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту».  Осы мақсатпен бастауыш сынып мұғалімдері бірлесіп, апталықтың жоспарын  құрастырды. Апталықтың жоспарымен оқушыларды таныстырылды. Апталықтың алғашқы күнін қыс мезгіліне арнап, «Қыс қызығы» атты суреттер сайысын өткізген мектепалды тобының мұғалімі Тотыхан Асемгүл болды.  
 Оқушылардың суреттері мазмұнды, әрі әсем болғандығымен бағаланды. Мектеп оқушылары талантты балалардың суреттерін тамашалады. Жеңімпаз оқушыларды анықтап, марапатталды.

      «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» деген ұранмен 2-4 сыныптар арасында «Алғыр алтау» сайысын сәрсенбінің сәтінде Бекбаева Гүлдана Айманқызы өткізсе, ал  бейсенбі күні «Зерде» интеллектуалдық ойынды  Умурзакова Айгүл Сайдаллақызы өткізді. Сайыс барысында өте жақсы білімдерін көрсеткен  **

        Шәкіртеріміздердің білімді болып өсуімен қатар, денсаулықтарына да ерекше мән береміз. Олардың салауатты  өмір салтын ұстанудың мақсатында 0-4 сыныптар арасында, «Кім жылдам?» атты спорттық ойындарын қызықты етіп өткізген, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Саркен Орал Қуанышұлы.

     Апталық аясында өткен әрбір іс-шара жан-жақты, үлкен дайындықпен ұйымдастырылғаны жауапты мұғалімдердің өз ісіне жауапкершілікпен қарайтындары және өз ісінің шеберлері екенін аңғартады. Апта бойы жоспарлы түрде оқушылармен көп жұмыс істеген Айгүл Сайдаллақызы,  Тотыхан Асемгүл, Гүлдана Айманқызына рахметімізді айтып, еңбекте шығармашылық табыс тілейміз.

Анар Бегалина,

Қарашілік негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда85786
  • Осы аптада15711
  • Кеше3001
  • Бүгін1359
  • Желіде:37

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда20
  • Осы аптада9
  • Кеше4
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026