Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

М.Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" ашық сабақ

15.03
0

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі  Сарсенова А.А. М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» тақырыбында ашықсабақ өткізді.
             Сабақтың мақсаты – білім алушылардың  алған білімдерін терең де, тиянақты болуын қадағалау. Ақын шығармасының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін білім алушыны өз бетінше іздене отырып ашуға үйрету.

Мазмұнға байланысты - ақын шығармасын оқи отырып, композициялық құрылысымен танысу, шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттау; СТО - ға байланысты - тақырыпты меңгерту барысында СТО әдістері білімдерін ортаға салып, өз ой - пікірлерін қорытындылау; топтық жұмысқа байланысты – топтағы жұмысты ұйымдастыру, жұмыс нәтижелерін көрсету.Бұл сабақта көрнекілік құралдарды, интерактивті тақта, кітаптар, суреттер, үлестірмелі қағаздар пайдаландым. Барлық оқушыларға тапсырмалар таратылды, осы тапсырмалар беру арқылы оқушылар ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тартылды. Осы сабақ есте сақтау түйсіктерін қалыптастырады, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Осындай тәжірибелік сабақтарда білім алушылардың жалпы алған білімдерін тексеруге, жүйелеп қорытындылауға болады, тәжірибеде пайдалана білу дағдысын қалыптастырады. Осындай сабақтарда білім алушылар белсенді қатысады, есте сақтау қабілеттері күшейеді, ой-өрісін кеңейтіп ойлау қабілетін дамытады. Сабақтың соңында қорытынды жасалды және бағаланды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда88266
  • Осы аптада17388
  • Кеше1551
  • Бүгін367
  • Желіде:19

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда15
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026