Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Педагогикалық олимпиада

10.04
0

        «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі Ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада).

                                                                                         

         Мақсаты: оқушының шығармашылық әлеуетін қолдау және жүзеге асыру, оқушылардың кәсіби бастамаларын және азаматтық сана-сезімін қалыптастыру.

   

        Міндеттері:

- оқушылардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін арттыру;

- оқушылардың қоғамдық қызметін жандандыру, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға жағдай жасау;

- оқушылардың жеке ұйымдастырушылық, шығармашылық, рухани әлеуеттерін анықтау және дамыту;

- оқушының кәсіби бастамасын ынталандыру, қоғамдық жұмысқа қызығушылығын арттыру.

 

       30 наурыз күні облыс орталығындағы № 1 мектепте «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты облыстық олимпиада  өтті. Облыстан 7 мектеп қатысып, өздерінің білімдері мен таланттарын, сахналық шеберліктерін, мәнерлеп оқу, ғылыми – зерттеу, ән айту, би билеу т.б сайыстармен сынға түсті. Облыс бойынша біздің мектеп жүлделі 2- орынға ие болды. Біздің оқушылар бірінші кезең тапсырмасын өте жақсы дәрежеде орындап, мектептің имиджін ұсынды. Екінші кезеңде оқушылар өздерінің актерлік шеберліктерін жақсы көресете білді. Аталмыш сында жүлделі орындарға ие болғандар мамыр айының 4-і мен 5-і күндері Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алып, өңір намысын қорғайды.

  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда86891
  • Осы аптада24596
  • Кеше4722
  • Бүгін3492
  • Желіде:35

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда15
  • Осы аптада5
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026