Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Наурыз көжеден дәм тату

25.04
0

Наурыз мейрамы-көктем айында тойланады. Наурыздың 22-сі қазақтар үшін жыл басы-жаңа жыл. Күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойы-ұлыстың ұлы күні деп атаған. "Ұлыс" деген сөз мемлекет ел деген мағынаны білдіреді.Наурыз –Ұлыстың ұлы күні, мейрам. Наурыз тойын тойлаудың дәстүрі бар. Бұл күні наурыз көже пісіріледі.

Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарханы бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдарға толады.Біз де мектебімізде ақ дастархан жайдық.Биылғы жылы Мектебімізге наурыз көжесін әзірлеп ауылымыздың ақ әжеміз Шапия әжейде қадірлі қонағымыз болды. Көжені әзірлеу жолын айтып,тамсандырды:

-  Наурыз көже су мен тұздан басқа кеміне жеті түрлі азықты /бидай, тары, құрт, ет, сүт, күріш, май/ пайдалану арқылы пісіріледі. Бұл асқа соғымнан әдейі сақталған мүшелер /жамбас, қазы/, айран немесе құрт қосылады.

 Наурыз көжеге ауылдағы әр үй бірін-бірі кезекпен шақырған. Әрбір келген кісі сол үйден бір кеседен көже ішуі тиіс деп есептелген. Көже ішіп болған соң, үлкендер ақ тілеу айтып, бата берген. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда176113
  • Осы аптада54005
  • Кеше6116
  • Бүгін2467
  • Желіде:221

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда34
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026