Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен!

06.05
0

 Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

 

 Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Адамзат тарихында өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстың аяқталғанына 72 жыл толды. 

Қуаныш пен қайғы жасы қатар келетін Жеңіс күні мерекесі баршамыз үшін өте қастерлі, аса қымбат.  

Бұл күн - қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.   

Сіздер бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түстіңіздер, қайғы-қасірет шектіңіздер, адам төзбес ауыртпалық көрдіңіздер. Бірақ, бәрін де жеңдіңіздер. Сіздердің осы жанкешті еңбектеріңіз ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі-өнеге болып қала бермек. 

Сондықтан да, қан майданнан оралмаған батыр қандастарымыздың есімі мәңгі ел есінде.

Қымбатты ардагерлер, тыл еңбеккерлері осынау айтулы мерекеде Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, шаттық тілейміз.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда77888
  • Осы аптада17409
  • Кеше2829
  • Бүгін117
  • Желіде:24

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда22
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026