Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

«Жеңіске – мың тағзым!»

09.05
0

       Қаратерек орта мектебі бойынша 3 мамыр мен 9 мамыр аралығында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай бірқатар іс – шаралар өткізілді.

Жеңіс күніне қатысты «Ер есімі – ел есінде»  сынып сағаттары 1-10 сыныптарда еңбек, тыл ардагерлердің қатысуымен өткізілді. 1-4 сыныптар арасында «Бейбіт тірліктің тұғыры болған Жеңіс» атты тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылды, ал 5-10 сыныптар арасында «Жеңіске – мың тағзым!» атты тақырыпта қабырға газеттері шығарылды.Кітапханада ҰОС қатысты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

    Мектеп тәлімгері және Қолқанат мүшелері 6-7 сынып оқушыларымен бірге осы ай бойы еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, аулаларын жинап көмек көрсетті.

«Соғыстың соңғы күндері» тақырыбында барлық сыныптар көріністер көрсетті.Барлық сыныптарда «Ұлы жеңістің жаңғырығы» атты спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.Жеңіске жеткен сыныптар  тәтті сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 9 мамыр күні Жеңіс тойы - баршаның ортақ қуанышы болғандықтан мектеп болып шеруге шықтық. Бұл салтанатты шара ескерткіш алаңында өткізілді, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Онда әкімшіліктен адамдар және ардагерлер сөз сөйлеп, мерекелік концерт тамашалады. 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда88965
  • Осы аптада19818
  • Кеше1927
  • Бүгін1306
  • Желіде:29

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда15
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026