Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Мектебіміздің «Томирис» тобы "Ең үздік флешмоб" байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. Жеңістерімен құттықтаймыз!

17.05
0

Мектебіміздің «Томирис» тобы "Ең үздік флешмоб" байқауында  жүлделі ІІ орынға ие болды. Жеңістерімен құттықтаймыз!

16 мамыр аудандық мәдениет үйінде «Жастар бастамалары орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Ең үздік флешмоб» би байқауы өтті. Аталмыш байқауға ауданымыздың   мектептерінен 17 топ қатысты. Біздің мектебіміздің атынан «Томирис» қыздар тобы осы сайысқа қатысып, бақтарын сынады. Байқау ережесі бойынша би 10 минуттан аспауы керек және топ құрамында 6 адамнан кем болмауы басты шарт болды. Ауданымыздың әкімі Е.Сагдиев қатысушы топтарға сәттілік тілеп, жастар еліміздің болашағы екендігін айтты.

Әр топ ерекше, үлкен жауапкершілікпен дайындалып келгендері қойылған билерінен  ақ көрінді. Көбінесе заманауи музыка таңдалғаны байқалды.  Ал біздің мектебіміздің «Томирис» тобы елімізге деген жүректеріндегі  патриоттық сезімдерін өз билерінде айқын көрсетіп, сонысымен басқа топтардан ерекшеленіп, көзге түсті.

Әділ-қазылардың әділ шешімі бойынша біздің «Тоирис» қыздар тобы жүлделі ІІ орынға ие болды. Онымен қоса 10000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тарту етті. Ал аталмыш сайыстың І  орында М.Ахметбеков атындағы мектептің тобы алса, ІІІ орынды Социал негізгі мектебінің «Жалынды жастар» тобы жеңіп алды.

Жеңісіміз баршамызға құтты болсын! Биік белестерден көріне берейік!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда78061
  • Осы аптада17582
  • Кеше2829
  • Бүгін290
  • Желіде:7

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда22
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026