Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Мектепке Жол

21.08
0

 

      Мектебіміз бойынша жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Биылғы оқу жылында «Мектепке жол»  акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде мектепішілік  бұйрығы және жұмыс жоспары әзірленді. Микроаудан бойынша мұғалімдер көшелерге бөлінген еді.Әр отбасының әлеуметтік жағдайларын тексеріп, қажет ететін оқушыларға көмек көрсету жайын айтып өтті.

      Акция мақсаты: Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға,  жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер  бойынша 1 қыркүйекте мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.

      2017 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда. Акция іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге барлығы 21 мұғалім қатысты.  

Мектепте «Балаға мейірім сыйла» атты қайырымдылық бұрыш жасалды.  Акция кезінде аз қамтылған отбасылардың, көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар қамтылды.

Акция барысында мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және көп балалы, аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсетілді.

Мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 балаға, 1 жетім балаға материалдық көмек мектеп формасы және мектеп-жазу құралдары берілді, жалпы сомасы  37000 мың теңгені құрайды.

        

         Ата аналар  демеушілерге көрсетіліп жатқан  игі  шара  ұйымдастырушыларына,  жомарт жандарға  ризашылықтарын  білдіртіп, рахметін айтты.

 

 

Орындаған:

Әлеуметтік ұстаз

Капарова М.Ж. 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда93286
  • Осы аптада22378
  • Кеше3639
  • Бүгін2897
  • Желіде:41

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда8
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026