Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Жаңа жыл – айналаға нұр шашушы мереке

28.12
0
 Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады. Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз. Ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Осындай сезіммен Жаңа жылға деген мерекені асыға күткен Кеңес орта мектебінің оқушылары болды. Әсем безендірілген шырша, оқушылар сүйіп көретін мултфильм кейіпкерлері және Жаңа жылдың бас кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар көрермендерге кештің әсем әрі әсерлі өтуіне ықпал етті. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, үш тілде ән орындап, кештің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қоса білді. Мектебіміздің директоры Базарбекова Балапан Қайнашқызы жиналған қауымды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.  Мектеп ауласы түрлі-түсті шамдармен, баннерлермен безендіріліп, Жаңа жылдық  тамаша көңіл-күй сыйлады. Жаңа жыл! Кіріп келген ит жылы тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды. Сол махаббат пен, қуаныш пен үміт әрбір жанның жүрегінің төрінде болсын. Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда76845
  • Осы аптада18430
  • Кеше1900
  • Бүгін843
  • Желіде:26

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда22
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026