Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Нақты істерге бастайтын бағдарлама

10.01
0

 

Біз әр жыл сайын Елбасы Жолдауын асыға тосамыз.Өйткені ол Жолдауда айтылған мәселелер, берілген тапсырмалар сөз жүзінде ғана емес іс жүзінде орындалып, халықтың әл-ауқаты нығайып,еліміз күн өткен сайын жетістіктерімен әлемді таңқалдырып жатқанының баршамыз куәсіміз.

Кезекті Жолдау да Қазақстан -2050 бағдарламасы мен алдында айтылған нақты тапсырмаларды орындаудың жолдары болып табылады.Өзінің халыққа Үндеуінде биылғы Жолдаудың негізгі 10 мақсатын айқындап берген көреген де дана Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өткенді екшелей отырып, алдағы уақыттарда атқарылатын істерді белгіледі , ондағы негізгі басымдықтарды айтып берді .Біздерге, мұғалімдер қауымы үшін бүгінгі білім берудегі жаңашылдық талаптарға байланысты еңбекақының біліктілік дәрежесіне қарай 50 пайызға дейін өсетіні қуанышты болды. Мұғалімдер беделі оның жетістігі мен соған лайықты еңбегінің бағалануынан тұрады.Еңбекақының көтерілуі әр мұғалімнің алаңсыз жұмыс жасауына ашылған жол болмақ.

Сондай-ақ дамыған технологияларды экономика саласына енгізу,цифрлы Қазақстан құрудың жетістіктері, тұрғын үй құрылыстарын жетілдіре түсуді тапсырғаны халықтың болашағына зор үміт арттырады. Жемқорлықпен күрес нығая түсетіні ерекше айтылды. Биіктерге жетудің  сара жолдарын көрсетіп, халқының, елінің қамын ойлаған Елбасын біз қашанда қолдаймыз.

 

 

                                     Кеңес орта мектебі ұжымы



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда77003
  • Осы аптада18588
  • Кеше1900
  • Бүгін1001
  • Желіде:60

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда22
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026