Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

МИФ онкүндігінің ашылуы

29.01
0

     Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән онкүндіктерін өткізу.

     Осы орайда 2018 жылдың  29 қаңтарынан 9 ақпанға дейін Кеңес орта мектебінде МИФ онкүндігінің жоспары құрылды.  МИФ онкүндігінің  мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болып табылады.

    Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді,  онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.

    Жоспарға сәйкес 5-8 сыныптар арлығында өткен  «Болашақ-білімді ұрпағында» сайысы сапалы өтті, себебі, қатысушы оқушылар берілген есептерін жауапкершілікпен орындаған. Қатысқаны екі команда: «Талапкер»  және  «Тапқырлар». Екі командада 6 ойыншыдан болды. Ойын  барысында 38 ұпаймен«Тапқырлар» тобы жеңіске жетті.  «Талапкер»  тобы 24 ұпай, әділ қазылар 10 ұпай меншіктеді.  Жеңіске жеткен топ онкүндіктің қорытындысында дипломмен  марапатталады.  Жауапты мұғалімдер: Негметова С.Г.  Абденкина Н.Б.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда77334
  • Осы аптада18919
  • Кеше1900
  • Бүгін1332
  • Желіде:52

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда22
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026