Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Асыл мұра

15.02
0

Мұғалім:

Қайырлы күн, құрметті  оқушылар!
«Асыл мұра »  қош келдіңіздер!

    Бүгінгі сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев: « Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау- «Асыл  мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс»- деп атап көрсеткен.

   Елбасымыздың сөзін құптап, ата-бабамыздан қалған мәдени мұраны сақтап қалу  біздің қолымызда.

Аружан: Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.


Бүгін біз сіздермен балаға байланысты салт-дәстүрлер туралы ойды қозғаймыз.

Салт-дәстүрлерді үлкен аталар мен әжелер қолдаған, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, сондықтан да ең алдымен осы «Асыл мұраға»қош келдіңдер.

Лаура:Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.- дегендей топтаға сөз берейік

Енді көрермендермен ойын өткізейік......

Сұрақ-жауап, кім жауап береді ол тәтті сый алады.....
     1.Көктемнің үлкен мерекені атаңыз? (Наурыз)

      2.Математика пәнімен байланысты ұлттық ойынды атаңыздар?

  1. Қандай қаланың аты саннан, дене мүшесінен және тамақтың атынан тұрады? Екібастұз)
  2. «Сәукеле» деген не? (ұлттық бас киім)
  3.  Еліміздің рәміздерін ата. (елтаңба, ту, әнұран)

  4. Бала туғанда жасалатын дәстүр. (шілдехана)

  5. Бұл жақсы жаңалыққа сыйлық және ақша түрінде беріледі(сүйінші)

  6. Имя сөзінің аудармасы (ат)

  7. Бұл сан есім салтпен байланысты(40)

  8. Анда сәбині жатқызады.(бесік)

  9. Бала тез жүру үшін жасалынатын дәстүр, ....... кесу (тұсау)

  10. Традиция сөзінің аудармасы (дәстүр)

Қорытынды:
Әр ұлттың өзіне тән салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы бар.
Дәстүр – ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әдет - ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп – инабат көзі. Қазақ халқының дәстүрлері ұрпақ тәрбиесінің басты құралы болып табылады. Қазақ халқының салт - дәстүрлері халықтың мінез - құлқын, қасиеттерін танытады. Қазақ халқының салт – дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне өмірге деген көзқарасына байланысты, ұрпақтан – ұрпаққа өзгеріп беріліп отырады.
                                                           

 

                                                                                                  Мұғалім:Аманова  Г.Е



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда81649
  • Осы аптада18661
  • Кеше1646
  • Бүгін2659
  • Желіде:35

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда11
  • Осы аптада0
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026