Ұйымдастырушы бастауыш сынып мұғалімі Таженова Айслу Тлектесқызы балаларға заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі, қоғам деп отырғанымыз мына біздер деп әңгімесін жалғастырды:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән - ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
1 – маусым
Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20 – қараша
Балалардың дүниежүзілік күні
10 – желтоқсан
«Құқық-өмір айнасы».
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік беру, білімдерін толықтыру,кездесуге шақырған құқық қызметкері арқылы құқықтық білімдерін нығайту, оның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді сыйлауға, өмірге көзқарастарын тың мәліметтермен толықтыруға,тапсырманы орындауда ыждағаттылыққа, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірге, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назар аударуға қалыптастыруды мақсатында «Құқық-өмір айнасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Ұйымдастырушы мектеп психологі Искендирова Асел Қазбекқызы адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулуды үйрету арқылы «Құқық-өмір айнасы» тақырыбы жайлы мәлімет берді:
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабына «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген.
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы. Құқық саласында біздің тыныштығымызды құқық саласының органдары қорғайды.
Қазіргі таңда біздің еліміз Қазақстан Республикасы – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-да бірден бір әр бір адам өміріндегі маңызды құжатқа «Құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы» 1995 жылы 21-маусымда № 2347 қаулысын жариялаған. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті. Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білу керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Адам құқықтары жайлы құжат, яғни «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-ның шешімімен қабылданғаны туралы атап өтті.