Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

"Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу"

05.05
0
Қайрат орта мектебінің әлеуметтік ұстазы Капарова Мира Жаманбайқызы жоғары сынып оқушылармен "Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" жөнінде әңгіме сабақ жүргізілді. 
          Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Сол себептен осындай сабақтар балалардың тәртібін түзеуге, өзін өзі реттеуге , адами қасиеттерді дамытуға, патриотизмге шақыруға өз үлесін қосады деп үміттенеміз. Сабақ барысында "Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" жөнінде видеоролик көрсетіліп, кейін оған талдау жасалынды.
       Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.
Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар  еліміздің болашағы.  Жастар қоғамымыздың  жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Осыған орай ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол біздің – тәуелсіз Қазақстан».  Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, еріміздің  бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек» - деген еді.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда90883
  • Осы аптада19448
  • Кеше3266
  • Бүгін370
  • Желіде:30

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда8
  • Осы аптада3
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026