12 қараша күні «Абайлаңыз: жұқа мұз!» атты интеративті сабақ өткізілді. Мұз әлі қатпаған кезде үлкендерсіз су айдынына шығуға бола ма? – Егер суға батсаңыз қалай әрекет ету керек?-дәл осындай сұрақтар сабақ барысында көтерілді.
Сабақ онлайн режімінде өтіп, сабаққа Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясынан 7-8 сынып оқушылары қатыстырылды. Бас құтқарушы оқушыларға судан зардап шегушінің нақты әрекетін, судағы қауіпсіздік ережелерін, жеке құтқару құралдарын қолдану және дәрігерге дейін көмекті қалай көрсету керектігін түсіндірді. Интерактивті сабақ жақсы меңгерілу үшін сабақ барысында слайд-шоу және оқытушы видематериалдар көрсетілді.