Ағымдағы жылдың қарашаның 20 жұлдызында Жастар орталығының бастамасымен "Қамқоршылық" тобы Бекетаев Амирболат атамыздың үйіне көмектесуге барды. Ауланың қарын тазалады. Бегендік тимуршылардың өзгелерден бір ерекшеліктері – олар қарттарға үй шаруасында көмектесіп қана қоймай, қариялардың өмірбаяндарымен танысады, ол кісілердің өмірлік тәжірибелерінен үлгі-өнеге алады. Ол үшін бос уақыттарында үйлеріне барып әңгімелесіп, қал -жағдайларын біліп отырады.