Қараша айының 29 күні Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған "Жас Ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Е.К.Каментиков, Елбасы күнімен құттықтап, аудан көлемінде өткен спорттық сайыстардың және мектепішілік олимпиада жеңімпаздарын құттықтады, алдағы уақытта да толағай табыстар тіледі. Сонымен қатар "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" қабылданушы мүшелері салтанатты түрде ант қабылдап, төсбелгілер мен галстуктар тағылды. "Жас Ұлан" гимні шырқалды.