Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Тәуелсіздік күні қарсаңында Озерный орта мектебінде мұражайдың ашылу салтанаты өтті.

14.12
0
Тәуелсіздік күні қарсаңында Озерный орта мектебінде мұражайдың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ел қариялары, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Мектеп директоры А.С.Нуржанов өз сөзінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің бағдары іспеттес, ал бұл жолда мұражайдың маңызы ерекше екенін айтып,  демеушілерге алғысын білдірді. Ауылдық округ әкімі Қ.С.Жексембаев пен ауыл имамы Қ.Смағұлов мұражайды салтанатты түрде ашып, Байболова Мәрзия апай шашу шашты. Қонақтарға мұражай экспонаттары, ауыл мен мектеп тарихы, соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған стендтер жайында экскурсия жасалды. Іс-шара соңы оқушылардың мерекелік концертіне ұласты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда172905
  • Осы аптада54246
  • Кеше7323
  • Бүгін3746
  • Желіде:215

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда35
  • Осы аптада10
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026