Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған балалар мектепке бара алады - БҒМ

19.02
0
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні өте қарапайым.  Басты мақсат - балаларды бірінші сыныпқа бірыңғай бағдарлама бойынша дайындау. Оның ішінде бірінші сынып бағдарламасының бір бөлігінің (сандар мен әліпби) 0-сынып бағдарламасына ауысуы, сондай-ақ тәрбиешілердің дәрежесін бастауыш сынып мұғалімдерінің дәрежесіне дейін жеткізу. 0-сынып үшін бірыңғай бағдарлама мен оқулықтарды енгізу 2020 оқу жылының қыркүйегіне жоспарланып отыр. Атап айтқанда, бүгінде 0-сынып - балабақшадағы даярлық тобы. «Егер де мектептің өз ғимаратында 0-ші сынып ұйымдастыруға мүмкіндігі болса, оған толықтай құқығы бар. 0-сыныпты енгізу құқығынан балабақшаларды ешкім айырған жоқ. Осылайша, 2020 жылы еліміз бойынша барлық мектептер мен балабақшаларда 0-сыныптар ашылады. Алайда қолданыстағы Білім туралы заңнамада балаларды 6 жастан 1-сыныпқа баруға міндеттейтін норма бар. Заңның аталмыш нормасына өзгеріс енгізіледі», - делінген министрлік хабарламасында. 2019 жылы, яғни былтырғыдай 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толмаған балалар ата-ананың қалауымен мектепке бара алады немесе балабақшада қалуына болады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. «Егер де бала мектепалды даярлық сыныбының бағдарламасын балабақшада меңгерсе, мектепте оны қайта оқи алмайтындығын және 1-сыныпқа баруы керектігін ескеруіміз қажет»,- дейді министрлік өкілдері.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/1-kyrkuyekte-6-zhaska-tolmagan-balalar-mektepke-bara-alady-bgm_a3499683



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда84287
  • Осы аптада19654
  • Кеше2116
  • Бүгін123
  • Желіде:10

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда13
  • Осы аптада2
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026