"Ұстазды бала кезгі фотосынан таны" және "Аттастар мен тегі бірдейлер" атты психологиялық акциялары
22.02
0
«Өзін-өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында апта бойы "Ұстазды бала кезгі фотосынан таны" және "Аттастар мен тегі бірдейлер" атты психологиялық акциялар өтті. Нәтижесінде алғашқы акцияның жеңімпазы 11-сынып оқушысы Дәуренбек Ажар атанса, екіншісі бойынша қатысқан оқушылар мен ұстаздардың ең қызықты фото мен комментарийлері іріктеліп, иелері марапатқа ие болды.
Ұстаздар арасында ерекше көзге түскендер: тарих пәні мұғалімі Жұмажанова З.А. мен орыс тілі пәні мұғалімі Жұмабаева А.Ғ. жұбы ("Жылдам-жылдам қимылда, жақсылық болсын ойыңда! Жұма екенін ұмытпа, имандылық бар алдыңда!"), бастауыш сынып мұғалімдері Бақытгүл Шайкеновна мен Бақытжан Теміржановна жұбы ("Екі БАҚЫТ гүлді жанындай жақсы көреді!"), бастауыш сынып мұғалімі Шолпан Мұхтаровна мен 10-сынып оқушысы Рахмет Шолпан жұбы ("Шолпан - таңғы жарық жұлдыздай жарқыраған, нәзік гүлдей жайнаған сұлу жандар"), ағылшын пәні мұғалімі Аяжан Шоқанқызы мен 2-сынып оқушысы Сагдатова Аяжан жұбы ("Аяулы жан АЯЖАНДАР, АЯЖАНДЫ аялаңдар!") . Оқушылар арасында: 7"ә" сынып оқушылары "Тепсе темір үзетін " Темірландар , 8 "а" сынып оқушылары "Аружандар асыл жандар, достық сөзін ұғынғандар", 8"а" мен 11-сынып оқушылары Нұргүл мен Санат ("Спортқа құмар жандармыз, тегіміз бір тұлғамыз").