Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Асқар Мамин елорданың шеткі аймақтарында тұратын азаматтардың мәселелерін шешу барысымен танысты

05.03
0
     Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Астана қаласына жақын маңда орналасқан елді мекендерді аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда елорданың шеткері аймақтарында тұратын халықтың мәселелерін шешу барысымен танысып, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту үдерісін тексерді. Бірқатар тұрғын алабын аралау барысында жергілікті атқарушы органдардың Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау - азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары қаралды. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселелерін шешуге, білім беру және медициналық қызметтердің сапасына, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жақсартуға, үздіксіз электрмен жабдықтау және көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ сумен жабдықтау мәселелеріне көңіл бөлінді. "Пригородный" тұрғын үй кешенін тексеру барысында Астана әкімі Бахыт Сұлтанов Елорданы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады. Қаланың жекелеген аудандарын орталықпен біріктіретін, сондай-ақ жолаушыларға барар жерлеріне қысқа уақыт ішінде жетуге мүмкіндік беретін жеңіл рельсті көлік жолын салу мәселелері қаралды. Аталған аумақтарды құлату барысы туралы баяндай отырып, бұл шаралар муниципалдық тұрғын үй құрылысына, соның ішінде көп балалы және аса мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталатын аумақтарды кеңейтуге жол ашатыны аталып өтті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда88219
  • Осы аптада22891
  • Кеше2151
  • Бүгін661
  • Желіде:22

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда11
  • Осы аптада4
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2025