Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Жаңа министр: Ең бірінші балалар өз ана тілін білуі керек

11.03
0
 
 
   "Ең бірінші, балалар өз ана тілін, қазақ тілін білуі керек. Себебі, қазақ тілін біз Қазақстанда ғана дамыта аламыз. Екіншіден, жалпы интеграциялану үшін, басқа көрші мемлекеттермен жұмыс істеу үшін бізге орыс тілі мен ағылшын қажет. Міне, осы жағдайға байланысты қазір мектептерде пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілінде оқытылуда", - дейді жаңа министр.
Сондай-ақ Күләш Шамшидинова пәндерді ағылшын тілінде оқытуға қатысты да пікір білдірді.
      "Әрине, елдің бәрін көп толғандырып, көп шулатқан мәселе – ол пәндерді ағылшын тілінде оқыту. Қазір министрлік кадрлардың дайындығына қарай пәндрді ағылшын тілінде оқытуға біртіндеп көшуді қарастыруда. Ал 2016 жылы ЖОО ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс берілген болатын. Аталмыш тапсырыспен болашақ мұғалімдер келесі жылдан бастап университтердің қабырғаларынан шыға бастайды.Сондықтан да балаларды ағылшын тілінде оқыту мәселесі кезең-кезеңмен, кадрлардың және мектептердің дайындығына байланысты мектептердің қалауымен біртіндеп енгізіледі. Біз қазір 15 мектеп немесе 20 мектеп енгізсін деген талап қойып отырған жоқпыз", - деді Шамшидинова.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда88206
  • Осы аптада22878
  • Кеше2151
  • Бүгін648
  • Желіде:48

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда11
  • Осы аптада4
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2025