"Жаратылыстану ғылымдарының тұңғиығы" атты апталық
11.02
0
Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Кішкенекөл қазақ мектеп -гимназиясында "Жаратылыстану ғылымдарының тұңғиығы" тақырыбындағы жаратылыстану пәндер бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында 7-сынып оқушылары өздерінің өлең-тақпақтарын оқыса, 10-сынып оқушылары "Туған жер" атты әсем әндерін орындады. Сонымен қатар жаратылыстану пәндеріне қатысты әр сыныпқа тапсырмалар беріліп, әртүрлі жұмбақтар да шешілді.