Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Қазақстанның барлық қалаларында инклюзивті сыныптар ашылады

04.04
0
Қазақстанның барлық қалаларында инклюзивті сыныптар ашылады .                      
                  
       ÒазаÒÑÑаннÑÒ£ баÑлÑÒ ÒалалаÑÑнда инклÑзивÑÑ ÑÑнÑпÑÐ°Ñ Ð°ÑÑÐ»Ð°Ð´Ñ    

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы «Болашақ» корпоративті қоры мен «Nur Otan» партиясы Қазақстан бойынша 20 инклюзивті сынып ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл бастама «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының бірінші бағытын жүзеге асыру аясында ұсынылған. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде инклюзивті білім беру үлгісімен қамту жұмыстары жүруде. Әзірге «Болашақ» корпоративті қоры Қазақстанның 9 қаласында инклюзивті сыныптар ашқан. Осылайша, аутизмі мен өзге де менталды ауытқушылықтары бар 248 бала өз қатарластарымен бірге мектепке бару мүмкіндігін алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлем елдері секілді Қазақстанда да аутизммен ауыратын балалар саны көбейіп, 35 мыңнан асты. Яғни, әрбір 50 баланың біреуі аутизмге шалдыққан. «Баланың мектепке бара алуы өте маңызды. Алдағы уақытқа қойған мақсатымыз - Қазақстанның әрбір қаласында инклюзия кабинеттерін ашу. Қазіргі уақытта 9 қалада осындай сыныптарымыз бар, жыл соңына дейін тағы 20 кабинет ашуымыз керек», - деді «Болашақ» корпоративті қорының директоры Динар Шәйжүнісова. Оның айтуынша, инклюзивті кабинеттер арқылы Батыс Қазақстан, Шымкент және Қызылорда облыстарында аутизмі бар балалар алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған. Айта кетейік, 2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Бұл күн 2008 жылы Катар мемлекетінің бастамасымен бекітілген. Бұл бастаманың мақсаты - жазылмайтын ауруға шалдыққан адамдардың қажеттілігіне назар аудару, олардың өмір сапасын жақсарту.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-barlyk-kalalarynda-inklyuzivti-synyptar-ashylady_a3513495



         


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда84301
  • Осы аптада19668
  • Кеше2116
  • Бүгін137
  • Желіде:12

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда13
  • Осы аптада2
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026