Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Коронавирустан сақтану үшін алдын алу жолдары

10.03
0

Мектебімізде тұмауды, әсіресе коронавирусқа қарсы әр түрлі әрекеттер, іс-шаралар қолданудамыз. Жалпы бұл неткен вирус? Ғалымдар оған жаңа коронавирус деген анықтама беріп отыр. Бұл – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Өйткені, коронавирус микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Олардың бірі тұмауға шалдықтырса, өзгелері жарқанаттар мен түйелерден және жануарлардан кездесіп, бүгінде ғылымда SARS (Ауыр әрі өткір респираторлық синдром) және MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы) деген акрониммен белгілі болып отыр. Вирустың  симптомдары қандай? Бұл вирусқа тән симптомдар – тұмаурату, бас ауруы, жөтел және дененің қалшылдауы. Сонымен қатар, коронавирустың едәуір қауіпті түрін жұқтырғандар демігеді, қалтырайды, ал ауруы асқынған жағдайда пациенттер пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сол себептен медбике вирусқа байланысты толық мәлімет берді, сонымен қоса бейне роликтер көрсетті. «Балбөбек» шағын орталығында және мектепте санитарлық жұмыстар жасалып жүр. Мектебімізде осы тақырыпқа байланысты қабырға газеттері: асханада, медбикенің кабинетінде, дәліздерде ілініп тұр. Мектеп қызметкерлері едендердің әр бұрышын хлорлы сумен мұқият жуып тазалайды күн сайын. Есіктерді, терезелерді да мұқият жуады. Оқушылар үнемі сабынмен қолдарын жуады. Орамалдарды үнемі ауыстырып отырады. Медициналық масканы барлығы қолдануда. Вирустың  таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Терезелер  үнемі ашып отырылады.





 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда92675
  • Осы аптада21240
  • Кеше3266
  • Бүгін2162
  • Желіде:50

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда11
  • Осы аптада6
  • Кеше1
  • Бүгін3
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026