Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Отбасы күні

21.05
0

15 мамыр – отбасы күні

"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Мұның бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі бүгін - жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі екен.

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. БҰҰ 1993 жылы осындай шешім қабылдаған,  содан бері әлемнің көптеген елінде тойланып жүр. Отбасы – қоғам мен мемлекеттің негізі, даму мен тұрақтылықтың көзі. Сол себепті мемлекет оны қорғауға үлкен мән береді. Мерекенің мақсаты – қоғам назарын отбасы саласындағы проблемаға аудару. Отбасы – өте көпқырлы институт, қоршаған ортаға сай дамып отырады: елу жыл бұрынғы отбасылық қарым-қатынастағы қағидалар қазіргі заманда ешқандай маңызды рөл атқармайды. 

Үлкенге ізет көрсету мен көп балалы болуды құрметтеу дәстүрі сақталған Қазақстанда жанұяға маңызды орын берілген, өйткені  адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады.

  Әлемде отбасының негізгі міндеті балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және адамзаттың қилы қатынастар әлемінде өз орнын табуға көмектесу, сол үшін отбасы берік және сенімді тірек болуы тиіс деген ұғым қалыптасқан.

 Атаулы мереке қарсаңында М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің оқушылары да өз отбасыры туралы видеороликтер түсіріп, коллаж жасады.

Оқушылардың видеосын ссылка арқылы көре аласыздар 
https://www.facebook.com/profile.php?id=100022843364704



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда163982
  • Осы аптада44730
  • Кеше8284
  • Бүгін3180
  • Желіде:244

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда59
  • Осы аптада9
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026