Туған халқына қызмет етуге бар ғұмырын арнаған ойшыл Ахмет Байтұрсынұлы өз дәуірінің сәулелі жұлдызына айналды. Ұлы тұлғаның халыққа сіңірген еңбегін бағалап, мол мұрасын зерделеу – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы. Тілдер апталығына және Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерей тойына орай “Дарын” мектеп-лицейі” КММ 3-4 сынып оқушылары арасында “Мәнерлеп оқу” сайысы өтті.