Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Баскетболдан мектепішілік жарыс

06.01
0

2023 жылдың 6 қаңтар күні мектеп оқушылары арасында баскетболдан жолдастық ойындар өткізілді. Білетіндей баскетбол тек физикалық және психикалық дамуға жақсы әсер етумен қатар, жалпы тұлғаның қалыптасуына септігін тигізеді. Жарыс үрдісі -қиын жағдайда шығармашылық шешім табуда мотивацияға жетелейді. Ұжымдық ойын мақсатқа жету жолында тактиканы дамытуға ықпал етеді, жеке тұлғаның коммуникативті дағдыларын және бастамашылдығын арттырады.

Жарыста 6-шы, 7-ші, 8-ші сынып белсенді қатысты. Жақсы да қызықты ойын болды. Балалар жанқиярлықпен сайысқа түсіп, соңғы секундтарға дейін қарсыластарымен «шайқасты».

 Бірақ , атап өтетін жайт, бұл шараның басты қорытындысы- қатысушылардың жақсы көңіл-күйі мен алдағы уақытта  осындай жарыстың қайталануына деген ұмтылыс болды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда84373
  • Осы аптада18959
  • Кеше2392
  • Бүгін2528
  • Желіде:110

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда12
  • Осы аптада0
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026