Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Білместің ертегілер әлеміне саяхаты

12.05
0
СҚО Уәлиханов ауданы Бидайық орта мектебінде " Білместің ертегілер әлеміне саяхаты" атты әдеби - театрылданған қойылымды бастауыш сыныптардың оқушылары қызыға тамашалады. Жас әртістер тек өнерімен емес, кейіпкерлерінің костюмдерімен де көз тартты. Білмес рөлін ойнаған Сатыбадин Закир; Сиыр; Бай, Хан рөлдеріндегі - Мухамеджанов Ильяс; Ағаш, Қаңбақ шал, Алдар Көсе образында болған Сыздық Али; Мысық - Хаукенова Амина; Тышқан және Сатушы - Муратбекова Даянна, Мақта қыз - Муханжанова Аяулым, Тауық рөліндегі Калижанова Сагдина; су таситын қыздар рөлдеріндегі - Имаганбетова Еркежан және Қасым Айбану, уәзірлер - Қасым Ерсұлтан және Қасым Бахтияр, көмекшілер - Абилгазинова Адия мен Амангелдинова Жания, баршасы, өз кейіпкерлерінің ойындарымен көрермендердің көңілдерінен шықты. Немерелерінің өнерлерін мәз болып тамашалаған әжелер, қойылым соңында жас әртістерге баталарын беріп, риза болды. Әртіс - балалар, 3 " б " сынып оқушылары, орыс тілінде білім алса да, қойылымды қазақша қойып, өздерінің ана тілін жақсы меңгергендіктерін көпшілікке байқатты. Қойылым соңында, барлығы " Ертегілер " әнін айтып, көңіл көтерді.
Бұндай қойылымдар, жасөспірім жүрегінде - сиқырлы театр әлеміне қызығушылық тудырып, балалардың жан - жақты дамып өсуіне ықпал ететіндігі сөзсіз.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда111052
  • Осы аптада31207
  • Кеше4065
  • Бүгін4584
  • Желіде:85

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда17
  • Осы аптада8
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026