Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Көктемнің ең көңілді,ең думанды Наурыз мерекесі жақындап келеді.

20.03
0
Көктемнің ең көңілді,ең думанды Наурыз мерекесі жақындап келеді. Адамдардың жүрегінде көктемгі жаңаруға деген құштарлық ,сонымен қатар  жақсылық жасауға деген ұмтылыс пайда болды.Мектептің Қамқоршылық кеңесінің бастамасымен Наурыз мерекесі қарсаңында Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2орта мектеп аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Осы мерекелік   іс шараға ата - аналардың белсенді қатысуының арқасында, мектептің акт залында дастархан жайылып дәмді, жұмсақ  тәттілер, қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамдары, хош иісті бауырсақтар, бәліштерге толы болды.Әркім өз қалағаны бойынша тәттілерді таңдай алды.Ересектердің мейірімді күлкілері мен балалардың сыңғырлаған дауыстары осындай іс-шаралардың қаншалықты қажет және өзекті екенін көрсетті. Бұл адамдардың шын жүректен, көктемгі мерекені көптен күткендерін көрсетеді!Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырғаны үшін ата-аналарымызға  шын көңілден рахметімізді айтамыз! Көктем мезгілі ,Наурыз мейрамы құтты болсын, қымбатты достар! Әр үйде бейбітшілік пен амандық болсын!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда85514
  • Осы аптада20864
  • Кеше2419
  • Бүгін675
  • Желіде:64

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда13
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026