Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

"Мектепке жол" республикалық акциясы 2023 жылы

01.08
0

Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылдың 1 тамызында жыл сайынғы "Мектепке жол"республикалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Биылғы жылы қайырымдылық акциясына ерекше назар аударылып, биылғы жылы акция "Жақсылық жаса"ұранымен өткізілуде.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке баратын жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға зейіні мен шынайы қамқорлығын көрсете алады.

Акцияның басталуы 2023 жылғы 1 тамыздан бастап, аяқталуы – 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін деп жоспарлануда.

Баланы мектепке дайындау, қажет нәрсенің бәрін сатып алу өте қымбат. Әсіресе бірнеше бала бірден тәрбиеленетін отбасыларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қиын. Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз және көмек көрсете аламыз.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетуге ниет білдіргендер тікелей "Телжан орта мектебі" КММ-не немесе 87154253325 телефоны бойынша жүгіне алады



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда90673
  • Осы аптада19238
  • Кеше3266
  • Бүгін160
  • Желіде:44

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда8
  • Осы аптада3
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026