Психологиялық денсаулық онкүндігі аясында 2023 жылдың 10 қазанында 8-11 сынып оқушылары арасында Солтүстік Казақстан облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің анықтаушысы З.С.Поповамен кездесу өткізілді. Қала мен облыста мектеп оқушыларын есірткі қылмысы саласына тарту тақырыбында шынайы әңгіме өрбіді. Өткен 2022 жылы есірткіні сақтағаны, сатқаны және пайдаланғаны үшін 113 адам сотталды, оның ішінде 38-і 17 мен 25 жас аралығындағылар. Оқушылар есірткіні қабылдау кезіндегі денсаулыққа зияны және қоғамдағы әлеуметтену туралы, олардың тұлғаның қалыптасуына кері әсері туралы қажетті ақпарат алды.