7 қарашада мектеп меңгерушісі Е. Н. Шепель 11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ата-аналарға 2023-2024 оқу жылындағы ҰБТ-ға қатысты толық ақпарат берілді: бейіндік пәндер комбинациясы, пәндер бойынша балл санының өзгеруі, ҰБТ тапсырудың жалпы уақыты, шекті балл, 2023 жылы жоғары оқу орындары белгілеген шекті балл, өтініш беру ерекшеліктері.