Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлын еске алу мақсатында 2023 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы (Астана қ.) Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің базасында «Халық жүрегіндегі батыр!» атты көрме өткізді. Көрменің салтанатты ашылуында ҚР Қарулы Күштері ансамблінің әртістері өнер көрсетті. Бұл іс-шараға «Арлан» үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысты (жетекшісі З.Т. Тасболатова).