16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
26.07
0
Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады. Мереке күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Бесікке салу» -ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу бойынша іс-шара өткізді. Шараға Қостанай өңірлік университетінің студенттері қатысты. Шара барысында музей қызметкерлері студенттерді бесіктің жабдықтарымен таныстырып, оны аластап, тыштырма ырымдарын жасап, баланы бесікке бөлеу дәстүрін көрсетті.