2024 жылдың 1 сәуірінде №3 мектеп-гимназиясының оқушылары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Қолмен ұстап көр» акциясына қатысты. Іс-шара барысында балалар түрлі байқауларда өздерінің тапқырлығы мен ептілігін көрсетіп қана қоймай, тас дәуірінің құралдарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.