Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

20.09
0

 Атырау облысы мемлекеттік архивінде  «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында Ашық есік күні өтті.
           Аталған шараға Атырау университетінің оқытушылары, студенттері және №12, №10,№ 21 мектеп оқушылары қатысты.

Бірінші кезекте бағдарламаға сәйкес жалпы архивтің құрылу тарихы, қазіргі таңдағы архив саласының оның ішінде әрбір бөлімдердің атқаратын жұмыстары жөнінде директор орынбасарының міндетін атқарушы  Б.Амиржанова сөз сөйледі.

       Қатысушыларға Атырау облысы мемлекеттік архиві архивистері Б.Аймуханова  және Г.Аймағамбетова оқу залының жұмысы және құжаттардың түпнұсқасымен таныстыру жұмыстарын жүргізді.

            Р.Досжанова  архивтік құжаттарды цифрландыру бөлімінде қатысушыларға шеберлік тәжірибелік сабақ өткізді.

       Мектеп оқушыларына  «Ұлттық салт-дәстүр түрлерінен не білеміз?», «Өңірдің тарихы, зиялы  тұлғалары»    викторина ұйымдастырылып, өңір тарихынан сұрақтар әзірленіп, Атырау өңірі тарихы, зиялы тұлғалары, батырлары  туралы  өздерін қызықтыратын, көкейлерінде жүрген  сауалдарына жауап алды.
 Ашық есік күніне қатысушылармен өзара пікір алмасулар жүргізіліп, олардың сұрақтарына жауап берілді. Қатысушылар архив саласына деген қызығушылық танытып, ризашылықтарын білдірді.











Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда85194
  • Осы аптада20703
  • Кеше2749
  • Бүгін905
  • Желіде:32

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда12
  • Осы аптада1
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026