Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Біздің алғашқы педагогикалық кеңесіміз

29.08
0
2024 жылғы 28 тамызда «№28 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі тарихындағы маңызды сәт - біздің алғашқы педагогикалық кеңесіміз!
«2024-2025 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы педагогикалық кеңес - бұл ресми кездесу ғана емес, жоспарларды талқылауға және болашаққа арналған жұмыс бағыттарын анықтауға тамаша мүмкіндік.
Педагогикалық ұжым BIRTUTAS TARBIE бағдарламасы мазмұнымен, оқу-тәрбие процесінің негізін құрайтын құндылықтармен танысты. Мұғалімдер оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың ерекшеліктерін, ата-аналармен және қоғаммен өзара іс-қимылды, білім беру ортасын құру және қолдау тәсілдерін талқылады, мектеп мәдениетінің деңгейін арттыру критерийлерін ұсынды.
Мектеп директорының м.а. Жаканова Гүлжан Шамилқызы мектепті дамыту бағдарламасын таныстырды. BIRTUTAS TARBIE бағдарламасы мен мектепті дамыту бағдарламасының интеграциясы «SMART BALA», «Шабыт», «Экология», «Қамқорлық» жобаларын енгізу жөніндегі бастаманы ілгерілетуде көрініс тапты.
Мұғалімдер идеяларымен және тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ жоспарларды іске асыру стратегиясын әзірледі. Осы кезеңдегі педагогикалық ұжымның негізгі мақсаты-барынша жайлы және нәтижелі білім беру ортасын құру.
Баршаңызға жемісті жұмыс, жаңа жаңалықтар мен жағымды эмоциялар тілейміз! Жаңа биіктерге жетіңіздер!




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда101781
  • Осы аптада28936
  • Кеше4421
  • Бүгін3660
  • Желіде:82

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда20
  • Осы аптада1
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2024