Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Бейімбет Майлиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі

14.11
0

2024 жылдың 14 қарашасында жазушы, драматург, журналист, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойына орай Қостанай қаласының вокзал  алаңында орналасқан Б. Майлиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Жерлесімізді құрметтеп, еске алу үшін оның туыс-туғандары, жақындары, және шығармашылығын құрметеуші қауым жиналды.

Сөз Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхаметқали Ринат Зәкиұлына, журналист, жазушы Аязбеков Жанұзақ Аязбекұлына және «Бейімбет Майлин қоры» ҚҚ-ның президенті, Бейімбет Майлиннің шөбересі Мұстафина Салтанат Абюровнаға берілді.

Қайғылы тағдырына қарамастан Бейімбет Майлиннің мұрасы баршамызды шабыттандырады. Оның шығармалары халықтың құндылықтарын, мәселелері мен тәжірибесін көрсететін қазақ әдебиетінің маңызды бөлігі болып қала береді.






























Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда86518
  • Осы аптада21868
  • Кеше2419
  • Бүгін1679
  • Желіде:44

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда13
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026