Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

10.04.24ж. Академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Планетарлық денгейдегі тұлға»атты конференция өтілді.

10.04
0

   Кітапханашы: Б.Толкимбекова қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш академик, елімізде тау –кен ғылымының негізін қалаған ғалым –Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қазақстан ғылымының орасан зор табыстарға жетіп, әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген, дүниежүзіне танымал, халқының сүйікті перзенттерінің бірі – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев артына көп салалы ғылыми мұра қалдырған тау тұлға екенін оқушыларға айтып өтті.

         Шара барысында конференцияға Сәтбаев Индустриалдық колледның оқытушысы С.К.Макажанова «Сөнбес жұлдыз» тақырыбында баяндама дайындады. Одан кейін сөз кезегін студенттер Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметтік жолы, ұлы ғалымның  ғылым жолындағы қайраткерлік қырлары, оның қазақ  ғылымы мен өнеркәсібіне қосқан елеулі үлесі туралы Сәтбаев Индустриалдық колледжінің 1курс студенті Сағат Ернар оқыды. Қ.И. Сәтбаевтың өмірі менқызметтік жолын оқыса, Еркимбекова Саягүл, Бахит Құнанбай Қ.И. Сәтбаев Академик, геолог ұлы ғалымның  ғылым жолындағы қайраткерлік қырлары, оның қазақ  ғылымы мен өнеркәсібіне қосқан елеулі үлесі туралы баяндама баяндады. Сондай-ақ  «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері және Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. №27  Жалпы білім беретін орта мектебінің аға ұстазы. «Сәтбаев тану» мұражайының ұйымдастырушысы және жетекшісі Жунусова Күлпаш Сарсенбековна «Академик Қ.И. Сәтбаевтыңмұражайы туралы айтып өтті.

Жалпы білім беретін №3 мектептің 4 «Ә»сыныпбының оқушылары Ғабдрахман Жанайым, Нұрбала Жанерке Мұса Тілеуовтың «Қаныш қала» жатқа өлеңін оқып, Ы.Алтынсарин атындағы  мектеп -лицейінің 10 сынып оқушысы Г. ӘбдиеваҚ.И. Сәтбаевқа арналған слайд көрсетілді.

Сонымен  қоса «Қаныш жүріп өткен жолмен» тақырыбындағы кітап көрмесін библиограф: Ә.Шегебаеваоқырмандар назарына таныстырып өтті.  Атап айтсақ: Қ.И.Сәтбаев туралы жазылған естеліктер М.Сәрсекеевтың «Қазақтың Қанышы», А.Брагинның «Первый академик», Қ.Исабай   «Қаныш аға» т.б. көптеген кітаптары насихаттады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда86826
  • Осы аптада21916
  • Кеше3608
  • Бүгін1241
  • Желіде:81

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда13
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026