Тарихи сағат қаламыздағы №7 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында өтті. Оған осы мектептің 5«ә» сынып оқушылары қатысты. «Қазақтың ұлы билері – Әйтеке би, Балпық би»тақырыбындағышараны кітапханашы А.Бектас жүргізді. Оқушылар «би» деген сөздің мән – мағынасын жан-жақты талқылады. Әйтеке мен Балпық бидің қысқаша өмірбаянымен танысып, олардың қалдырып кеткен нақыл сөздерін мәнерлеп оқыды. Ел бірлігі мен ынтымағы жолында аянбай еңбек еткен билердің өнегелі өмірі туралы да деректер келтірілді.
.jpeg)
