Оқу залы бөлімінің кітапханашысы А.Бектас мектеп-гимназияның 7 «г» сынып оқушыларына үш бәйтерек атанған – Сәкен, Ілияс, Бейімбет жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ қуғын-сүргін құрбандарының абақтыда көрген жантүршігерлік азаптары мен олардың шығармашылығы жайында сөз қозғады. Мектеп оқушылары үш тұлғаның шығармаларын мәнерлеп, дауыстап оқып, шындық пен әділдікті ту еткен тұлғалардан үлгі алды. Өз тарапынан оқушылар да осы үш тұлға туралы білетін ойларын ортаға салып, осы уақытқа дейін оқыған шығармаларымен бөлісті.

