Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

30.05.2024ж. 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай кітапханада «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.

30.05
0

Мерекелік шараны кітапхана қызметкері Б.Е.Толкимбекованың ұйымдастыруымен кітапхананың алдында, даладағы алаңында өтілді. Мереке «Бақытты балалық шағымыз» атты ән – шашумен басталды. Балаларға арналған көңілді әуен ойнап тұрды,  шарлармен, флажоктармен безендірілді.

«Балаларға базарлық» кітап көрмесі ұйымдастырылып, сөреге ертегі кітаптар, балаларға арналған энциклопедиялар, классикалық хикаяттар т.б. қойылды. Кітапханашы балаларды бүгінгі балаларды  қорғау күні мерекесімен құттықтады. Аталған іс – шараға қаламыздың Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп–гимназиясының 3-4 сынып оқушылары қатысты. Осы тамаша күні балалар мерекеге арнайы өздерінің дайындап әкелген тақпақтарын айтып, Б.Момышұлы атындағы №1 мектептің 7сынып оқушылар Б.Жұмағұл мен Д. Олжабай Құрманғазының «Көрғұл» күйін домбырамен орындап, және №3 мектептің 4 сынып оқушысы И.Байгаримов «Ұстазым» әнін айтып  берді. Кітапханашы балалармен, қызықты, көңілді бірнеше ойындар жүргізді, атап айтсам: «Әуенді тап!», танымал мультфильмдегі әуендер қойылып, балалар дұрыс жауабын тапты. «Допты себедке салу», «кітап атын жасыру», Тәттіні тасымалдау»асфальтқа бормен сүрет салумен аяқтады. Мерекелік ертеңгілікке келген балалар белсене ойындарға қатысты барлық балаларға тәтті кәмпитпен печенье таратылды. Іс – шара соңында мерекеге орай балаларға сый сыйапат тарту ете отырып, ата –аналарға ақ тілектер айтылды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда86130
  • Осы аптада21220
  • Кеше3608
  • Бүгін545
  • Желіде:111

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда13
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026