Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұран айтылып, «Ана тілім айбыным!» бейнебаянымен бастау алды. Аталған іс – шараға Б.Момышұлы атындағы 4 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Айжан Жұмағалиевна қатысты. Балалар үш тілде тақпақтарын айтып,мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, берілген жұмбақтардын сұрақтарына дұрыс жауап табуға талпынды. Шара барысында кітапханшы «Тіл татулық - тірегі» атты кітап көрмесімен таныстырды. Бұл іс-шарада балалар нақыл сөздермен мақал –мәтелдер арқылы қазақ тілінің әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететінін танып білді.


