Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

20.09.2024ж.Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында III жалпы республикалық кітап фестиваліне арналған «Kitap time - 2024» шарасы өтті.

20.09
0

Кітап мерекесіне Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының 5«ә» және 6 «а» сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды кітапханаға кірген бетте абонемент бөлімінің қызметкерлері Б. Аимбетова мен Б. Толкимбекова қарсы алды. Олар үйге кітап беретін бөлімнің жұмыс барысын түсіндіріп, абонемент бөліміне келіп түскен жаңа кітаптарды, балалардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын таныстырды. Сондай – ақ биылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған Б. Соқбақбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырып өтті. Бұдан кейін жас оқырмандар кітапхананың оқу залына өтті. Оқу залында «Бәрін таста да, кітап оқуды баста» ұранымен ұйымдастырылған оқу залының кітап қорымен кітапхана библиографы Ә.Шегебаева таныстырды. Оқу залының кітапханашылары А. Бейсова мен А. Бектас оқу залында кітап оқудың талап-тәртіптеріне тоқталып, балаларға арналған мерзімді басылымдар туралы әңгімелеп берді. Фестиваль аясында оқушыларға арналған мерекелік іс шара да  ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада оқырмандар кітап туралы құнды деректермен танысты. Интеллектуалды жарыстар, викториналық сұрақтар, танымдық мәліметтерден құралған жарыстарға қатысты. Жағымды көңіл күймен өткен кітап мерекесі балалардың көңілінен шықты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда85772
  • Осы аптада20862
  • Кеше3608
  • Бүгін187
  • Желіде:16

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда13
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026