Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

27.09.2024ж.Балалар кітапханасында «Асыл мұра» үйірме аясында Қарттар күніне орай «Қартың болса – қазына!» атты кітап көрмеұйымдастырылып,«Менің сүйікті әжем мен атам»тақырыбында оқушылар арасында шығарма байқауы өткізілді.

27.09
0

Шара барысында Абонемент бөлімінің кітапханашысы Б. Аимбетоважастарға, қарт кісілерді сыйлап, әрдайым үлкендерге құрмет көрсетіп, оларға деген ыстық ілтипат ғасырдан – ғасырға жалғаса беретінің және аға буынның өмір жолынан кейінгі буынның алар тағылымы зор екенін айтып өтті.

Байқауға қаламыздың әр мектебінен 5-11 сынып оқушыларынан 10 үміткер қатысты.Содан соң оқушыларға теледидардан бейнероликтер көрсетілді:«1-қазан Халықаралық карттар мерекесі», «1-қазан Қарттар күні». Кітапханашы ата, әже туралы жұмбақ жасырды, оқушылар жауабын тапты. Кейінгі кезекте әділқазылар алқасы үміткерлердің жұмысын жан-жақты талқылап, бағалап, жеңіпаздарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша бас бәйгені №16 мектептің 6 «А» сынып оқушысы А.Қазыбек жеңіп алса, 1,2,3 орынды №3 жалпы білім беретін мектепің 5 «Ә» сынып оқушылары С.Айдынқызы, А. Анарбай, Ж. Нұрбалаға бұйырды. Соңында кітапханашы кітап көрмесімен таныстырды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда85732
  • Осы аптада20822
  • Кеше3608
  • Бүгін147
  • Желіде:23

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда13
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026