Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

11.10.2024ж. балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Б.Соқбақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жазушы, классик, патриот» атты оқырмандар конференциясы өтті.

11.10
0

    Оқырмандар конференциясы Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының 6 «а» сынып оқушыларының «Менің атым Қожа» повесі желісі негізінде әзірлеген көрініспен бастау алды. Мектеп оқушылары өздерінің сүйіп оқитын шығарма кейіпкерлерін барынша шынайы бейнеледі.  Б.Соқбақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы Қ.Сәтбаев атындағы №9 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні ұстазы Н.Кулашева жан-жақты әңгімелеп берді. Кітапхана қызметкері А.Бектас жазушының балалық шағын бейнелейтін «Менің атым Қожа»фильмі туралы мақала оқып, оқырмандармен өзара талдады. Жазушының балаларға арналған тағы бір шығармасы «Балалық шаққа саяхат». Бұл шығарма туралы Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының 7 «ә» сынып оқушылары Ильяс Хафиз бен Аманат Асхатұлыайтып берді. Жазушының балалық шағын суреттейтін бұл шығармадағы жоқшылық, жетімдік қасірет пен өмірге деген құлшыныс оқырмандарды бей-жай қалдырмады. Шара барысында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесімен кітапхана библиографы Ә.Шегебаева  таныстырды. Оқырмандар конференциясының соңында қатысушылар балалар жазушысының мерзімді баспасөздерде жарияланған өлең шумақтарын оқыды. Конференцияға қатысқан белсенді оқушыларға шара соңында кітапхана атынан Алғыс хаттар берілді.  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда85686
  • Осы аптада20776
  • Кеше3608
  • Бүгін101
  • Желіде:18

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда13
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026