Аталған іс-шараға жалпы білім беретін №7-ші мектептің 8 «Ә» сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі Қ. Шакенова келді. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы Б. Аимбетова Сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін айта кетті.Одан кейін осы тақырыпта бейне-роликтер көрсетілді: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Сыбалас жемқорлыққа біз қарсымыз!», «Сыбайлас жемқорлық қауіпті қадам». Осы көріністерді оқушылар көре отыра, ұққандарын дөңгелек үстел басында талқылады, сыбайлас жемқорлықтың жақсы-жаман жақтарын ортаға салып, болашақта өз елінің патриоты болуға өз үлестерін қосатынын мақтанышпен айтып өтті. Соңында кітапханашы «Жемқорлықсыз болашақ» кітап көрмесімен таныстырды.

