Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Жас ұстаздар сайысының үздіктері анықталды

19.03
0
Абай облысында VII республикалық «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл байқау жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін көтеруге, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, инновациялық бастамаларын жетілдіруге және кәсіби шеберліктерін шыңдауға бағытталған.

Өңірлік кезеңге аудандық (қалалық) іріктеуден өткен 15 үздік жас педагог қатысып, өзара сынға түсті. Қатысушылар өзін-өзі таныстыру, инновациялық идеяларын ұсыну, эссе жазу және ашық сабақ өткізу арқылы кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:
І орын – Гүлмари Ленсова (Жарма ауданы)
ІІ орын – Раушан Серікбаева (Білім-инновация лицейі)
ІІІ орын – Балауса Жәукенова (Жаңасемей ауданы)

Сонымен қатар қатысушыларға «Креативті жас маман», «Шығармашыл жас маман», «Шебер жас маман» номинациялары табысталды.

Жеңімпаздар Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтетін республикалық кезеңде Абай облысының намысын қорғайды.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда120033
  • Осы аптада25352
  • Кеше3912
  • Бүгін435
  • Желіде:141

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда10
  • Осы аптада4
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2025